Басқа

Александр Ким: Нариман Курбановтың жолдама алатын соңғы мүмкіндігі қалды

Александр Ким: Нариман Курбановтың жолдама алатын соңғы мүмкіндігі қалды
news-banner7
mobile-news-top

Қараша айында Жапонияда спорттық гимнастикадан бақылау жарысы өткізіледі. Алайда, аталған сынға Қазақстан командасы қатыспайды. Бұл туралы бас бапкер Александр Ким мәлімдеді.

«Токиода төрт елдің қатысуымен бақылау жарысы өтеді деген жоспар бар. Оған Жапония, Ресей, Қытай және АҚШ гимнастары қатысады. Біз бұл додаға бармаймыз. Жоспар боайынша, қазақстандық гимнастар Пензада өтетін Воронин кубогіне дайындалуда.

Турнир басталмас бұрын жаттығу жиындарына қатысамыз. 2021 жылдың ең алғашқы жарысы Германияның Котбус қаласында ұйымдастырылмақ. Ал Нариман Курбанов үшін жылдың басты додасы – наурыз айының ортасында Катар астанасы Дохада өтетін әлем кубогі кезеңі. Бұл сында Нариманның Олимпиада ойындарына жолдама алатын соңғы мүмкіндігі бар.

Ұлттық құрама спортшылары үшін мамырда Токиода өтетін Азия чемпионатының орны ерекше болмақ. Құрлық біріншілігінде көпсайыстан жекелеген жолдамалар беріледі. Сондықтан, барлық команда мүшелері дайындықты тоқтатпайды», - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер