Басқа

Алматыдағы жаттығу жиынына команда көшбасшылары да қатысып жатыр

Алматыдағы жаттығу жиынына команда көшбасшылары да қатысып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Жүзуден Қазақстан құрамасы Алматы қаласындағы орталық жүзу бассейнінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Бас бапкер Олег Вагизовтың айтуынша, аталған жаттығу жиынына ұлттық құраманың барлық мүшесі қатысып жатыр. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында спортшылар арасында қазақстанды үздіктердің де барын айтты.

«Қазіргі таңда ұлтты құраманың барлық мүшесі, соның ішінде, құрама көшбасшылары да қалмай Алматыда өтіп жатқан жаттығу жиынына қатысуда. ПТР-тестін уақытылы тапсырып, дәрігердің қатаң бақылауындамыз.

Жоспар бойынша 27-30 қазан күндері Ресейдегі лицензиялық ашық біріншілігіне қатысуды көздеген болатынбыз. Алайда, соңғы ұсыныстар мен шешімдерге байланысты біз қатыспайтын болдық.

Енді жарыс күнтізбесі бойынша 2020 жылы тек бір жарыс қалды. Ол – 23-27 қараша күндері Ақтөбеде өтеді. Қазіргі таңда спортшылар өте жақсы формада. Жүзуден ел біріншілігінен басқа 2020 жылы ешқандай турнир өтпейді.

Аталған оқу-жаттығу жиыны 22 қазанда аяқталады. Қазақстан чемпионаты басталғанға дейін тағы бір жаттығу жиынын өткізуіміз де мүмкін», - дейді бас бапкер. Бөлісу Жаңалықтарды жібермеу үшін жазылыңыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер