Бокс

Болат Манкенов GGG-дің кезекті жекпе-жегі жайлы ойын айтты

Болат Манкенов GGG-дің кезекті жекпе-жегі жайлы ойын айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Astana Arlans» бокс клубының экс-президенті Болат Манкенов Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Головкиннің кезекті жекпе-жегі туралы және Ломаченко - Лопес жекпе-жегі туралы ойын айтты.

- Болат Тоқтарұлы, Головкин мен Шереметаның жекпе-жегі туралы сіздің ойыңыз қандай?

- Головкин - Шеремет жекпе-жегінің өткенін қалаймын. Пандемия кезінде не жағдай болатынын білмейсіз. Көптеген боксшылар бабын жоғалтты. Ұзақ уақыт бойы өнер көрсетпеу өте тиімсіз. Бір жыл бойы жекпе-жек өткізбеу - үлкен тәуекел. Біз GGG-дің рингке оралуын асыға күтеміз. Оған қоса, жақында Ломаченко мен Лопес арасындағы қызықты жекпе-жек өтеді.

Әрине, Головкиннің «Канеломен» трилогиясын көргім келеді. Жақында Чарло мен Деревянченко жекпе-жек өткізді. Мүмкін Головкиннің командасы Чарломен келісе алатын шығар. Жалпы, қазіргі кезде кәсіпқой бокс үшін қиын кезең.

- Ломаченко - Лопес жекпе-жегінде кім жеңеді деп ойлайсыз?

- Нақты айту қиын. Мықтысы жеңіске жетсін. Мен Василийді жеке білемін, әрі оған жанкүйер болам. Лопес те керемет боксшы. Олар бокс жанкүйерлеріне қуаныш сыйлайды деп ойлаймын.

Еске сала кетейік, Ломаченко мен Лопес арасындағы жекпе-жек 17 қазанда Лас-Вегаста өтеді. Ал Геннадий Головкин мен поляк боксшысы Камил Шереметаның жекпе-жек өткізетіні жайлы әлі ресми хабарланған жоқ.

Шереметаның промоутері: GGG-мен жекпе-жек өтетін болжалды күн - 21 қараша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер