Әлем футболы

Азар 60, Месси 40 миллион еуроға арзандады

Азар 60, Месси 40 миллион еуроға арзандады
news-banner7
mobile-news-top

Transfermarkt порталы 2020 жылы трансферлік құны ең көп төмендеген футболшылардың тізімін жасады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл тізімде «Реалдың» жартылай қорғаушысы Эден Азар көш бастады. Бельгиялық ойыншының трансферлік бағасы 60 миллион еуроға, яғни осы жылдың басымен салыстырғанда екі есеге арзандады. Енді Азардың трансферлік құны 60 миллион еуроға бағаланды.

Екінші, үшінші оырнға «Барселона» қос футболшысы жайғасты. Аталған екі ойыншы да 40 миллион еуроға арзандаған: аргентиналық Лионель Месси (оның трансферлік құны 140 млн-нан 100 миллион еуроға дейін төмендеді), франциялық Антуан Гризманн (120 млн-нан 80 миллион еуроға).

Ал «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Рахим Стерлинг пен «Пари Сен-Жерменнің» шабуылшысы Неймардың құны 32 миллион еуроға арзандады. Олардың трансфер нарығындағы қазіргі құны 128 миллион еуроға бағаланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер