Еркін күрес

Әсет Серікбаев: Әлем чемпионатына қатысу-қатыспауымыз белгісіз

Әсет Серікбаев: Әлем чемпионатына қатысу-қатыспауымыз белгісіз
news-banner7
mobile-news-top

12-20 желтоқсанда күрес түрлерінен 2020 жылғы әлем чемпионаты өтетін болды. Осыған орай, Olympic.kz сайтына еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Әсет Серікбаев «отандық балуандар жылдың маңызды додасына қатыса ма?» деген сұрағына жауап берді.

«Биылғы әлем чемпионатының нақты өтетіні кеше ғана белгілі болды. Бұл біздің жоспарымыздың барлығын өзгертуі әбден мүмкін. Осы күнге дейін дүниежүзілік біріншіліктің тағдыры бізге жұмбақ болғандықтан алдын ала бірнәрсе айтуы қиын еді. Ал күні кеше ведомствоаралық комиссиясының соңғы хаттамасына сәйкес қазақстандық спортшыларға шетелде жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуына тыйым салынып, Қазақстан чемпионатын өткізуге рұқсат берілді. Карантиндегі жоспарға мұны да кіргізбеген едік. Қазір жағдайды жіті қадағалап, әрі қарай жоспарды өзгертеміз. Ал Сербиядағы әлем чемпионатына қатысу, қатыспауымыз белгісіз. Оны біз емес, жоғарыда айтқанымдай, ведомствоаралық комиссия шешеді. Егер рұқсат берсе, біз қатысуға дайынбыз», - дейді бас бапкер.

Айта кетерлігі, Бірккен күрес әлемі (UWW) Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтетінін мәлімдеді.

«Біз желтоқсанда турнир өтеді деп сенеміз, оптимистік көзқараспен қараймыз. Біздің спортшылардың, жаттықтырушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі - бұл біздің басты міндетіміз. Сондықтан біз Белградта болуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолданатын боламыз», - деген UWW Президенті Ненад Лалович ресми хабарламада.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер