Басқа

Қазақстандық жасөспірімдер халықаралық турнирлерінде сәтті өнер көрсетті

Қазақстандық жасөспірімдер халықаралық турнирлерінде сәтті өнер көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер ITF World Tennis Tour Women's және Juniors G5 халықаралық турнирлерінде Египетте сәтті өнер көрсетті.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының ресми сайты мәлімдеді. Каирде ұзақ үзілістен кейін өтіп жатқан алғашқы Халықаралық жасөспірімдер турнирлерінің бірі қазақстандықтар үшін өте сәтті өтті. Атап айтанда, Карина Ризванова финалдық кезеңге жолдама алды. Жәңгір Алмашев пен Кирилл Колганов өздерінің жұптық кезеңдеріне жеңіске жетті.

Ал қыздар арасындағы жұптық кезеңде кілең қазақстандық спортшылар өзара бақ сынады. Сандуғаш Кенжебаева мен Аружан Сағандықова Карина Ризвановамен Украина өкілінің Анастасия Жолдақовамен жұптасып, жеңіске жетті. Ересек қыздар арасындағы финалда Екатерина Дмитриченко мен Камила Керимбаева Гозал Айнитдинова мен Жібек Құламбаеваға қарсы кездесуде жеңіліп қалды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер