Басқа

Садақ атудан жабық ғимараттағы әлемдік серия биыл онлайн түрде өтеді

Садақ атудан жабық ғимараттағы әлемдік серия биыл онлайн түрде өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық садақ ату федерациясы жабық ғимараттары әлемдік серия ойындарын онлайн түрде өтетінін мәлімдеді.

Қараша мен ақпан аралығында өтетін турнирге әлемнің әр түкпіріндегі садақ атушылар қатыса алады. Олар өз клубтарында, жергілікті турнирлерде және үйдегі ату орындарында сынға түседі.

Осылайша, мергендердің ұпайы есепке алына бастайды. Бұл нәтижелер ашық рейтинг кезінде есептеледі.

Айта кетелік, 2021 жылы жекелеген элиталы рейтинг болмайды. Оның орнына командалық турнирдің жаңартылған нұсқасы іске қосылады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер