Әлем футболы

«Реалдың» сатылмайтын ойыншылары анықталды

«Реалдың» сатылмайтын ойыншылары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» футбол клубының сатылымға шығармайтын ойыншыларының тізімі жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл тізімге негізінен болашағы жарқын жас ойыншылар енген.

Мәселен 22 жастағы Федерико Вальвердеге «Бавария» қызығушылық танытқанымен, мадридтік клуб одан бас тартқан.

Ал 19 жастағы Винисиус Жуниорға ПСЖ көз салған. Мадридтік клубтың басшылары Винисиуспен қатар, оның отандасы, 19 жастағы Родриго Силва де Гоисті де сатпайды.

Сондай-ақ, Марко Асенсио да сатылмайтын ойыншылар тізімінде. 24 жастағы испаниялыққа «Ливерпуль» қызығушылық танытқан.

Бір қызығы аталған жас ойыншылармен бірген қақпашы Тибо Куртуаны да сату жоспарда жоқ. 28 жастағы ойыншы қазіргі таңда «Реалдың» көшбасшыларының бірі саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер