Әлем футболы

Италияда қай бапкердің жалақысы көп?

Италияда қай бапкердің жалақысы көп?
news-banner7
mobile-news-top

Италия клубтарының бапкерлерінің жалақысы туралы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

La Gazzetta dello Sport мәліметінше, «Интер» бас бапкері Антонио Конте әріптестері арасында ең көп жалақы алады.

51 жастағы Контенің жалақысы - жылына 12 миллион еуро, бұл «Ромада» жұмыс істейтін Паулу Фонсекадан бес есе көп (ол 2,5 миллион алады). «Аталанта» бапкері Джанпьеро Гасперини жылына 2,2 миллион еуро көлемінде жалақы алады.

Үздік ондықтың қатарына Симоне Индзаги («Лацио», 2 миллиона), Стефано Пьоли («Милан», 2 миллион), Синиша Михайлович («Болонья», 2 миллион), Андреа Пирло («Ювентус», 1,8 миллион), Клаудио Раньери («Сампдория», 1,8 миллион), Дженнаро Гаттузо («Наполи», 1,5 миллион), Эусебио ди Франческо («Кальяри», 1,5 миллион) енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер