Әлем футболы

ПСЖ Роналдуды қатарына қоспақ

ПСЖ Роналдуды қатарына қоспақ
news-banner7
mobile-news-top

Франциялық ПСЖ италиялық «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдуға тағы да көз тігіп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Calciomercato мәліметінше, париждіктер 35 жастағы шабуылшымен келісімшартқа 2021 жылдың жазында қол қоюды жоспарлап отыр. Туриндік клуб қаржылық қиындықтарды бастан кешіп жатыр. Ал ПСЖ Роналуға ұсыныс жасап, осы жағдайды пайдаланғысы келеді деп хабарланады.

Португалиялық футболшы болса, келісімшарт мерзімін соңына дейін жеткізуді жоспарлап отыр - оның «Ювентуспен» келісімі 2022 жылға дейін есептелген.

Туринде ол жылына 31 миллион еуро табады.

Еске салайық, Роналду «Ювентуске» 2018 жылдың жазында «Реалдан» 117 миллион еуроға ауысқан болатын. Итальян клубымен бірге ол чемпионатта екі рет топ жарып, ел Суперкубогын иеленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер