Басқа

Жапонияда спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтеді

Жапонияда спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Жапония астанасы Токиода спорттық гимнастикадан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап

Бұл коронавирус індеті басталғалы бері күншығыс елінде өтетін алғашқы турнир болмақ.

Спорттық гимнастикадан халықаралық сынға АҚШ, Жапония, Қытай және Ресейден жалпы есебі 32 атлет қатысады. Турнир 8 қарашада басталады деп жоспарланып отыр.

Жарысқа қатысушылар екі апта бойы өз елдерінде оқшауланып, арнайы тест тапсырып, турнир басталуына бес күн қалғанда Жапонияға келеді. Осылайша, спортшылар Жапонияға шетелден келушілерге арналған 14 күндік карантиннен босатылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер