Әлем футболы

А сериясында ең көп жалақы алатын бапкер кім

А сериясында ең көп жалақы алатын бапкер кім
news-banner7
mobile-news-top

La Gazzetta dello Sport «Интер» бас бапкері Антонио Конте А сериясында ең көп жалақы алатын бапкерлер тізімінде көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

51 жастағы маман миландық клубта жылына 12 миллион еуро алады. Бұл лига бапкерлері арасындағы ең жоғары жалақы саналады. Екінші орында - «Романың» бас жаттықтырушысы Паулу Фонсека (2,5 миллион еуро). Үшінші орынға «Аталанта» тәлімгері Жан Пьеро Гасперини (2,2 млн) жайғасты.

Конте «Интерді» 2019 жылдың мамырынан бастап басқарады. Өткен маусымда команда екінші орынға ие болып, «Ювентусқа» ұпай жоғалтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер