Теннис

Бублик пен Кукушкиннің Санкт-Петербург турниріндегі қарсыластары анықталды

Бублик пен Кукушкиннің Санкт-Петербург турниріндегі қарсыластары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандықтар Александр Бублик пен Михаил Кукушкиннің Санкт-Петербург АТР 500 турниріндегі қарсыластары анықталды.

Жүлде қоры 1,4 млн АҚШ долларына жуықтайтын ірі жарыс 12-18 қазан аралығында өтеді.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда рейтингте 236-орында тұрған америкалық Маккензи Макдональдпен кездеседі.

Рейтингте 88-сатыдағы Михаил Кукушкин әлемнің 41-ракеткасы, сербиялық Миомир Кецмановичпен шеберлік байқасады.

Бұдан 10 жыл бұрын М.Кукушкин осы доданың жеңімпазы атанған болатын. Өткен жылы үздік шыққан әлемнің 5-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев биыл сол атағын қорғайды. Турнирде сондай-ақ канадалық Денис Шаповалов, ресейліктер Андрей Рублев, Карен Хачанов сынды мықты теннисшілер өнер көрсетеді.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер