Басқа

Дархан Асаділов: Нағыз жаттығу алаңына оралғанымыз қуантады

Дархан Асаділов: Нағыз жаттығу алаңына оралғанымыз қуантады
news-banner7
mobile-news-top

9 қазан күні каратден Қазақстан командасы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиындарын бастады.

Алдымен команда мүшелері «Тау-Тұран» базасында карантинде болды. Аталған жиында спортшылардың физикалық дайындығына ерекше назар аударылмақ.

Жоспар бойынша, физикалық дайындыққа жауапты бапкер Денис Гуляев пен франциялық кеңесші бапкер Тарек Абдессалем алдағы үш аптада спортшыларды қатаң бақылауда ұстап, әр каратэші үшін жаттығу жоспарын құрады.

«Елде карантин жарияланғаннан кейін біздің толыққанды жиынға жиналғанымыз осы. Сол себепті, «Ақбұлаққа»келген спортшылардың қазіргі жағдайын түсінетін шығарсыз. Біз нағыз жаттығу алаңына оралғанымызға қуаныштымыз.

Бапкерлердің онлайн түрде нұсқау бермей, тура қасымызда жүргені қандай қуаныш. Кәсіби спортшылар үшін бұл өте маңызды», - дейді олимпиада жолдамасының иегері Дархан Асаділов.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер