Әлем футболы

«Барселона» жалақыны қысқартуды тер Стегеннің айлығынан бастады

news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» коронавирус пандемиясының салдарынан табысының басым бөлігінен айырылып, қаржылай қиындыққа тап болды.

As басылымының мәліметінше, қақпашы Марк-Андре тер Стегеннің жалақысын қысқартудан бастайды. Биыл қақпашының айлығы азайғанымен, алдағы үш-төрт жылда еселеп алады.

Маусым қорытындысы бойынша, «Барселона» 97 миллион еуро табысынан айырылған. Жаңа маусымда каталониялық команда жағдайдың бұдан да қиындай түсетінінен қауіптеніп отыр.

Осының алдын алу үшін «Барселона» футболшыларының жалақысын қысқартуды қарастырып отыр. Алайда футболшылар бұған қалай жауап қататыны белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер