Ауыр атлетика

Айзада Мүптилда: Қазіргі жаттығу кестеміз өте тығыз

Айзада Мүптилда: Қазіргі жаттығу кестеміз өте тығыз
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасы Алматы облысында орналасқан "Ақбұлақ" Олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр.

Ұлттық құрама мүшесі Айзада Мүптилда ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиындарының қалай өтіп жатқанын айтып берді.

- Қазіргі таңда жаттығуды тыңғылықты жасап жатырмыз. Аптаның алты күніне жаттығу жоспарланған. Сағат 8-де оянсақ, сағат 8:15-те жалпы жаттығу басталады. Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10-нан 12-ге дейін таңғы жаттығуды жасасақ, түстен кейінгі жаттығуды 16:00 мен 18:30 аралығында, ал сағат 21:00-22:00 арасында кешкі жаттығуда боламыз. Ал сейсенбі мен сенбі күндері тек екі мезгіл жаттығу болады. Жоспар бойынша, бейсенбіде бір мезгіл жаттығып, одан кейін қалыпқа келтіретін жаттығулар қарастырылған. Атап айтқанда сауна мен массаж қабылдаймыз. Аптаның тек жекссенбісінде ғана демаламыз.

Маған бейсенбінің кестесі ұнайды. Жақсы жаттығудан кейін денеңді босатып, қалыпқа келтіру процедурасын жасаймыз, - дейді Айзада Мүптилда.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер