Басқа

Бабенко: Қазіргі таңда нақты бір жоспар жасау мүмкін емес

Бабенко: Қазіргі таңда нақты бір жоспар жасау мүмкін емес
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық конькимен жүгіршілер одағы қараша және желтоқсан айларына жоспарланған әлем кубогі кезеңдерінің өтпейтінін мәлімдеді. Осыған орай, команда бас бапкері Дмитрий Бабенко өз пікірімен бөлісті.

«Жақында халықаралық федерация осындай шешімге келді. Қазір спорттың барлық түрінде турнирлерді кейінге шегеру немесе мүлде өткізбеу туралы жиі айтылады. Сондықтан, біз мұндай жағдайға дайын едік. Әрине, жарыс өтеді деген үмітпен жаттығуды тоқтатқан жоқпыз. Бүгінгі ахуалды ескере отырып, бір нәрсені жоспарлаудың өте қиын екенін айтқым келеді.

Мұздағы дайындықты әрі қарай жалғастырамыз. Егер республикалық турнирлер өткізілмейтін болса, команда арасында бақылау жарыстарын ұйымдастырамыз. Жарыс өтпеген соң, спортшылардың қандай деңгейде екенін анықтау оңай емес. Өйткені, пандемияға байланысты әлем әп-сәтте өзгеріп жатыр. Бұл өзгерістер жаттығу процесіне де өз әсерін тигізеді.

Қазіргі таңда психологиялық тұрғыдан сынып кетпей, әлемдегі жағдайға бой үйрету керек. Жақын арада қаңтарда өтетін халықаралық жарыстарға қатысты нақты ақпаратты білетін боламыз», - дейді бас бапкер.

Айта кетелік, ISU шорт-тректен әлем біріншілігі мен мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінің финалына қатысты да осындай шешім қабылдады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер