Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін өткізу үшін Лас-Вегасқа барды
![Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін өткізу үшін Лас-Вегасқа барды](https://prosports.kz/upload/news/content//202010/201736_8a0bcab3c82f1bf0077b525778d6d095.jpg?v=28656127)
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) Лас-Вегасқа барды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы ол Twitter желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.
Айта кетейік, Жәнібек 10 қазанда аргентиналық Гонсало Кориямен (16-3, 6 КО) жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде ол WBO Global және WBC Continental Americas титулдарын қорғайды.
We arrived in Las Vegas to show the QAZAQ style. Weighing tomorrow. We are ready!
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) October 8, 2020