Басқа

Таулы Қарабақта армян баскетболшылары қаза тапты

Таулы Қарабақта армян баскетболшылары қаза тапты
news-banner7
mobile-news-top

ХМОММ баскетбол командасының ойыншысы Айк Саакян Таулы Қарабақтағы шайқас кезінде қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасай отырып.

"Әзірбайжан агрессиясына қарсы күрес кезінде ХМОММ баскетбол командасының ойыншысы Аик Саакян қаза тапты.

Армения баскетбол федерациясы Айктың отбасына, туған-туыстарына және достарына қайғырып көңіл айтады", - делінген Армения баскетбол федерациясының хабарламасында.

Сондай-ақ, ақпарат көзі Армения жасөспірімдер құрамасының бұрынғы баскетболшысы Тигран Микоянның да қаза тапқанын хабарлады.

Еске сала кетейік, 27 қыркүйекте Әзірбайжан елді мекендер мен әскери бөлімдерді атқылаған. Таулы Қарабақта кем дегенде 10 мың әскери қызметкер мен екі бейбіт тұрғын қайтыс болды деп жарияланды. Сондай-ақ, жаралылар саны да өте көп.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер