Басқа

«Астана» президенттік клубының қарамағындағы командалардың жағдайы не болады

«Астана» президенттік клубының қарамағындағы командалардың жағдайы не болады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Астана» президенттік кәсіби клубының таратылғаны белгілі болды. Оның құрамындағы спорт клубтарының жағдайы не болатыны жайлы Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Асқар Баталов айтты.

- «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ «Астана» Президенттік спорт клубын тарату туралы шешім қабылдады. Клубтарға қатысты барлық құқықтар мен міндеттер Samruk-Kazyna Trust-ке беріледі. Енді ол спорт клубтарының негізін қалаушы болады. Бұл шешім көп деңгейлі есептілікті болдырмау, сондай-ақ әкімшілік және басқарушылық құрамды ұстауға қосымша шығындарды болдырмау мақсатында қабылданды, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» ППСК құрамына аттас футбол және баскетбол клубтары, «Astana Pro Team» велокомандасы және «Барыс» хоккей клубы кіреді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер