Елеусінов әлеуметтік бейнероликке түсті
![Елеусінов әлеуметтік бейнероликке түсті](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1419149641_690663664.jpg?v=28641541)
«Мен жастарға сенемін». Мағжан Жұмабаевтың өлең жолдарымен өрнектелген әлеуметтік бейнеролик қазақ жастарының рухын көтеру мақсатында түсірілген, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Басты кейіпкер – АІВА нұсқасы бойынша «Үздік боксшы – 2014» атанған әлем чемпионы Данияр Елеусінов. Ұлттық құрама капитаны өзін сомдаған. Бейнеролик «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған «Жас Отан» жастар қанатының «Жастар – Отанға» жобасымен ұштасып жатыр.