Басқа

Биатлоннан Қазақстан командасы жаттығу жиындарын аяқтады

Биатлоннан Қазақстан командасы жаттығу жиындарын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Биатлоннан Қазақстан командасы бір айға созылған жаттығу жиындарын аяқтады. Бұл туралы команда бас бапкері Мақсат Шаранов мәлімдеді.

Ұлттық құрама мүшелері 3 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Алматы облысы Талғар ауданындағы "Алатау" спорт кешенінде жаттыққан болатын.

"Жиын ойдағыдай, өте жоғары деңгейде өтті. Спортшылар карантиннен кейін қалпына келді деп айта аламын. Енді азғантай үзілістен соң, Ресейдің Түмен қаласына барып дайындалсақ деген жоспарымыз бар. Аталған қалада жасанды қар төселгендіктен, жаттығу ыңғайлы болмақ. Бірақ әлі нақты жауап айта алмаймын. Бәрі елдегі және әлемдегі ахуалға байланысты болмақ", - дейді бас бапкер.

Жаттығу жиындарына жалпы есебі 11 спортшы қатысты.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер