Әлем футболы

Армения мен Әзірбайжан кездесулерін бейтарап алаңда өткізеді

Армения мен Әзірбайжан кездесулерін бейтарап алаңда өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Армения мен Әзірбайжан құрамасының Ұлттар лигасы аясында өз алаңында өтетін ойындарын бейтарап алаңдарға ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұндай шешім Таулы Қарабахта Армения мен Әзірбайжан арасындағы жанжалдың ушығуына байланысты қабылданып отыр.

Армения құрамасы Грузия құрамасын Ереванда 11 қазанда қабылдауы керек еді, бірақ енді кездесу Тыхиде (Польша) өтеді. Ал Әзірбайжанның Кипр құрамасымен 13 қазанда Бакуде өтетін ойыны Эльбасанға (Албания) ауыстырылды.

Айта кетейік, 27 қыркүйекте Таулы Қарабахтағы жағдай қайтадан ушығып, Әзірбайжан мен Армения қатынасы қарулы қақтығысқа ұласты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер