Жеңіл атлетика

Афинадағы марафон өтпейді

Афинадағы марафон өтпейді
news-banner7
mobile-news-top

Афина марафонының ұйымдастырушылары биылғы шараның өтпейтінін мәлімдеді. Ол 7 және 8 қарашада өтуі керек еді, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты оны өткізбеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Соңғы үш айда біз Грецияның денсаулық сақтау органдарымен келіссөздер мен өзара әрекеттесу барысында барлық мүмкін күш-жігерді жұмсап, жұмысты ұйымдастырудың барлық мүмкін нұсқаларын, соның ішінде барлық қатысушыларды жарысқа дейін тестілеуден, спортшылардың санын азайтуды және тек марафонның өзін қысқа мерзімге жүгірусіз өткізуді қарастырдық», - делінген хабарламада.

Енді шара виртуалды жарыс форматында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер