Басқа

Гран-при мен Grand Slam финалдары кейінге қалды

news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының атқарушы комитеті 2020 жылғы Гран-при кезеңінің финалдық бәсекелерінің кейінге шегерілетінін мәлімдеді.

Қатсушылардың қауіпсіздігін сақтау және де спортшылар үшін жарысты әділ өткізу мақсатында атқарушы комитет Канкун және Усидегі әлемдік додаларды кейінге қалдырған.

Атап айтқанда, 2020 жылғы Гран-при додасының Канкундегі (Мексика) финалдық бәсекесі мен Усиде (Қытай) жоспарланған Grand Slam жарысы 2021 жылға қалдырылды.

Атқарушы комитет қазіргі таңда екі елдің ұйымдастыру комитетімен тығыз қарым-қатынаста және осы екі жарыстың жоғары дәрежеде әрі қаупсіз өткізілуін өзара талқылап жатыр.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер