Күрес

Елімізде қазақ күресін дамыту жоспары әзірленді

news-banner7
mobile-news-top

«Qazaq kuresi» қауымдастығының бірінші вице-президенті Самат Әбіш ұлттық құрама сапындағы спортшылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорт және дене шынықтыру комитетінің мәліметінше, бүгін Jekpe-Jek» сарайы базасында спортшылардың оқу-жаттығу жиыны қорытындыланған.

Самат Әбіш ғылыми-практикалық базаны күшейту, оқу бағдарламаларын іске асыру, мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін қауымдастық президенті Кәрім Мәсімовтің қолдауымен «Qazaq kuresi» академиясы құрылғанын атап өтті.

Оның сөзінше, Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірге 2020-2021 оқу жылына арналған Қазақ күресін дамыту жөніндегі іс-шаралардың бірлескен жоспары әзірленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер