Басқа

Андрей Глущенко: Талантты жас спортшылардың қатары көбеюде

Андрей Глущенко: Талантты жас спортшылардың қатары көбеюде
news-banner7
mobile-news-top

3 қазан күні триатлоннан Қазақстан құрамасы жаттығу жиындарын бастады. Бас бапкер Андрей Глущенко Olympic.kz сайтына жаттығу жиынының қалай өтіп жатқанын айтып, алдағы жоспарымен бөлісті.

"Қуанышқа орай, Нұр-Сұлтанда 3 қазаннан бастап оқу-жаттығу жиынымызды бастадық. Триатлоннан 6-7 қыркүйек күндері әлем чемпионаты өтті. Жарысқа қатысуға команда тізімін тапсырғанымызбен карантин және виза болмағандықтан оған қатыса алмадық. Атап айтқанда, эстафета бойынша команданы, жекелей жарысқа Аян Бейсенбаевты қатыстыруды жоспарлағанбыз.

Қазіргі таңда құрамамен жеңіл атлетика бағыты бойынша жақсы жұмыс істедік. Бүгінде Арина Шульгинадан басқалары 2,3, 5 км қашықтық бойынша жеке рекордтарын жаңартты.

Александр Тен, Егор Крупяков сынды талантты жас спортшылардың қатары көбейіп, болашағынан үміт күттіруде. Олар қазірде көрсеткіші бойынша команданың негізгі құрамының нәтижесіне жетіп қалды", дейді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер