Басқа

Түркиядағы Формула-1 Гран-приі көрерменсіз өтеді

Түркиядағы Формула-1 Гран-приі көрерменсіз өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Түркиядағы Формула-1 Гран-при ұйымдастырушылары жарысты көрерменсіз өткізуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бастапқыда трибуналарға 100 000 адамға дейін орналастыру жоспарланған болатын. Сатылым басталғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда 40 000 билет сатылды.

Алайда, Түркия үкіметі коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлауына байланысты жарысты көрерменсіз өткізуге кеңес берді.

Гран-при 15 қарашада Ыстамбұл саябағында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер