Бокс

Головкин - Шеремета жекпе-жегі 21 қарашада өтпеуі мүмкін

Головкин - Шеремета жекпе-жегі 21 қарашада өтпеуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Польшаның Ringapolska.pl сайты Геннадий Головкин мен Камил Шереметаның жекпе-жегі өтетін жаңа датаны атады, деп жазады Prosports.kz.

Басылымның хабарлауынша, жекпе-жек бұған дейінгі ақпараттарда айтылғандай 21 қарашада (сенбі) емес, 20 қарашада (жұма) өтуі мүмкін.

«DAZN платформасы АҚШ-тағы басқа ірі спорттық іс-шаралармен бір уақытқа тура келіп қалмау үшін алдағы бокс кештерінің көпшілігін жұмаға ауыстырды. Демек, орта салмақтағы IBF чемпионы Геннадий Головкин мен Камил Шереметаның жекпе-жегі 20 қарашада өтеді, бұл жоспарланғаннан бір күн бұрын», - деп жазады басылым.

Айта кетейік, Головкин - Шеремета жекпе-жегі бірнеше мәрте кейінге шегерілді. Алдымен GGG 29 ақпанда шаршы алаңға шығады делінген. Одан кейін Головкин-Шеремета жекпе-жегі 28 наурызда Чикагодағы Wintrust Arena спорт кешенінде өтеді деп жоспарланды. Бірақ кездесу тағы да кейінге шегерілді.

Осыдан кейін сарапшылар бұл кездесудің сәуір не мымыр айында өтуі мүмкін екенін болжады. Бірақ бәріміз білетіндей коронавирус пандемиясына байланысты әлемдегі барлық спорттық іс-шара тоқтатылды.

Шереметаның промоутері: GGG-мен жекпе-жек өтетін болжалды күн - 21 қараша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер