Басқа

Милад Карими әлем кубогы кезеңін қорытындылады

Милад Карими әлем кубогы кезеңін қорытындылады
news-banner7
mobile-news-top

Спорттық гимнастикадан Венгрияның әлем кубогы кезеңінде қазақстандық атлет қос күміске қол жеткізді. Жарыс аяқталғаннан кейін Милад Карими жарысты қорытындылап берді.

- Жарысқа өте жақсы, тыңғылықты дайындалдық. 4 жаттығу бойынша сынға түсіп, төртеуінде де финалға шықтым. Финалдық кезеңде секіру жаттығуларын сәтсіз орындағаным болмаса, қалған жаттығуларды ойдағыдай орындадым.

Шамамен жарты жылға жуық уақыт жарысқа шықпадым. Осы жолы таласқа толы додаларды сағынып қалғанымды ұқтым. Әлемдік аренада өнер көрсетуге мүмкіндік туғанына қуаныштымын, - дейді Милад Карими.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер