Әлем футболы

Англияда 67 жыл бұрынғы антирекорд қайталанды

Англияда 67 жыл бұрынғы антирекорд қайталанды
news-banner7
mobile-news-top

Gracenote Live твиттер-парақшасы Англия чемпионатында 67 жылдан бері болмаған жағдайды еске түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеше «Ливерпуль» АПЛ-дің 4-турында «Астан Вилладан» 2:7 есебімен жеңілген болатын. Осылайша команда ұзақ уақыттан бері Англия чемпионы ретінде 7 гол жіберген алғашқы клуб атанды.

Мұндай жағдай соңғы рет 1953 жылы болған. Сол кезде ел чемпионы «Арсенал» «Сандерлендтен» 1:7 есебімен жеңілген еді.

Айта кетейік, кешегі ойында «Ливерпуль» сапында Мохамед Салах дубль жасаған. Ал «Астон Вилла» құрамында Олли Уоткинс хет-трик жасаса, Джек Грилиш дубль авторы атанған, Джон Макгинн мен Росс Баркли бір голдан соққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер