Әлем футболы

«Милан» - «Специя» матчында жаңа рекорд тіркелді

«Милан» - «Специя» матчында жаңа рекорд тіркелді
news-banner7
mobile-news-top

Италия чемпионатының 3-турында «Милан» өз алаңында «Специя» командасымен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Матч 3:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілді.

Айта кетерлігі, осы кездесуде «Милан» сапында 7 бірдей 1999 жылдан кейін туған ойыншылар негізгі құрамда шыққан. Еуропадағы бес ірі чемпионатта мұндай жағдай алғаш рет кездесіп отыр.

Сонымен қатар, миландық команданың негізгі құрамда шыққан ойыншыларының орташа жасы 22 жас 287 күн болды. Бұл 2004/05 жылдан бергі Италия А сериясындағы ең жас көрсеткіш ретінде тіркелді.

«Милан» - «Специя» 3:0

Гол соққандар: Леау, 57, Эрнандес, 76, Леау, 78

«Милан»: Д.Доннарумма (1999.2.25), Кьер, Селемакерс (1999.6.27), Эрнандес, Калабрия, Крунич, Тонали (2000.5.8), Габбия (1999.10.21), Диас (1999.8.3), Коломбо (2002.3.8), Леау (1999.6.10).

AC米兰首发阵容

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер