UFC Fight Island 4: Холм басты жекпе-жекте Альдананы жеңді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАбу-Дабиде (БАӘ) аралас жекпе-жектен UFC Fight Island 4 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде бұрынғы UFC чемпионы америкалық Холли Холм мен мексикалық Ирене Альдана кездесті.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек толық бес раундқа жалғасып, америкалық файтер қыз қарсыласынан басым болды. Холм төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Төрешілердің қорытынды нәтижесі - 50:44, 50:45, 50:45.
Осылайша, Холм кәсіпқой мансабында 14-жеңісіне қол жеткізді, сондай-ақ ол бес мәрте жеңіліске ұшыраған. Альдананың көрсеткіші - 12 жеңіс және 6 жеңіліс.
Фото essentiallysports.com