Басқа

Спорттық гимнастика: Венгриядағы кубоктық додаға үш спортшымыз қатысады

Спорттық гимнастика: Венгриядағы кубоктық додаға үш спортшымыз қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Венгрияда спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңі басталады. Ұзақ үзілістен кейінгі додаға 18 елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында қазақстандық гимнастар да бар.

Команда бас бапкері Александр Ким іріктеу кезеңіне қатысты ойымен бөлісті.

«Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Алматыда екі оқу-жаттығу жиынын өткізді. Негізгі мақсатымыз – Венгриядағы кубоктық додаға тыңғылықты дайындалу еді.

Бүгін басталатын сынға Қазақстаннан үш спортшы қатысады. Олар – Милад Карими, Нариман Курбанов және Ілияс Азизов.

Сонымен қатар, команда құрамында дәрігер, жеке жаттықтырушылар, төреші мен бас бапкер бар.

Гимнастар іріктеуден іркілмей өтеді деген сенімдеміз. Финалдық кезең 3-4 қазанға жоспарланған», - дейді Ким.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер