Басқа

Семсерлесуден 2021 жылға арналған жаңа күнтізбе бекітілді

Семсерлесуден 2021 жылға арналған жаңа күнтізбе бекітілді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа маусымды бастайды. Бұл туралы ұйымның онлайн отырысында белгілі болды.

Ересектер арасындағы турнирлер 2021 жылдың 16 қаңтарынан бастап 21 мамырына дейін жалғасады. Осы аралықта ерлер мен әйелдер арасында шпага және саблядан 4 әлем кубогы кезеңі өткізіледі.

Сондай-ақ, рапирамен семсерлесуден әлем кубогының үш кезеңі жоспарланған. Аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирлері 15-19 сәуірде, аймақтық чемпионаттар 2021 жылдың 1-15 маусымы аралығында ұйымдастырылады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер