Командалық

Жетісулық баскетболшы қыздар нағыз бабында

Жетісулық баскетболшы қыздар нағыз бабында
news-banner7
mobile-news-top

Алматы облысының баскетболшы қыздары Қазақстан чемпионатының 2-турына дайындалып жатыр. 1-кезең ойындары мамыр айында Алматыда өткен болатын. Оның қортындысы бойынша Жетісу өңірінің спортшылары қарсыластарын түгел жеңіп, топ басында келеді. 2-тур ойындары да оңтүстік астанамызда қараша айында ұйымдастырылады деп жоспарланған. Алматы облысының құрамасы бұл сында бәсекелестерінен басым түсуді көздейді.Сонымен қатар, жыл аяғында еліміздің ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында өтетін жарысқа да қатысып, жеңімпаз атануды мақсат етіп отыр,деп жазады Prosports.kz тілшісі.

Баскетболдан Алматы облысының қыздар құрамасы қазір нағыз бабында. Олар Текелі тауында 2 рет кеңейтілген оқу-жаттығу жиынын өткізіп қайтты. 3 аптаға созылған шара жалпы дене дайындығын шыңдауға бағытталды. Қазір атлеттер техникалық шеберлігін арттыруға күш салып жатыр. Сонымен қатар, тактикалық ойын жүйесін ойластырып, тәжірибелерін жетілдірмек. Айта кетейік, былтыр жетісулық бұрымдылар Қазақстан ұлттық лигасы мен жастар арасындағы ел біріншілігінде чемпион атанған. Биылғы маусымда қойылған талапта жеңімпаз болу.

Евгений Прокопчик

Евгений Прокопчик

ЕВГЕНИЙ ПРОКОПЧИК, БАСКЕТБОЛДАН АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Біз былтырғы маусымды өте жақсы аяқтадық. Әйелдер командалары арасында бірінші орын алдық. Жастар арасында да алдымызға жан салған жоқпыз. Биылда көш тізгінін ұстап, бірінші келе жатырмыз. Бізден кейін Түркістан облысының «Тұран» командасы келеді. Одан соң Шымкенттік қыздар. Үздік төрттікті Көкшетаулық спортшылар түйіндеп отыр. Біз Қазақстан чемпионатына тек жеңімаз болу үшін ғана барамыз. Оған шәкірттерімнің шамасы жетеді. Биыл командамызға Азия біріншілігінің жүлдегері Карина Олимберді алдық. Сонымен қатар, ұжымдағы бетке ұстар ойыншыларымыз Диана Бушмелова, Шырын Құлбекова, Ләззат Тұрсынова, Аяулым Тілеубай қазір өз бабында. Ескерте кетейін бұл баскетбошылар Қазақстан құрамасында да ойнайды. Азия біріншілігі ұйымдастырылып жатса қыздар жүлделі боларына сенімдімін».

Баскетболшылар қауіпсіздік ережесін қатаң сақтайды. Үнемі медициналық тексеруден өтіп тұрады. Жаттығу кезінде де 30 ойыншыдан аспайды.

ЕВГЕНИЙ ПРОКОПЧИК, БАСКЕТБОЛДАН АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Карантин кезінде санитарлық ережелерге үлкен мән бердік. Онлайн жүйесі бойынша жаттығулар өткіздік. Көбіне «Zoom» бағдарламасын қолдандық. Бұлшық етті күшейтетін бірнеше дайындық түрлерін өздігімен істеуге тапсырмалар бердік. Осылайша қыздардың физикалық дайындығын бақылап отырдық. Осының арқасында командамыз жарысқа қазір дайын».

Қазіргі күні Алматы облысында Сритбол ойыныда дамып келеді. Стритбол - Баскетбол ойынының бір түрі. Команда құрамында әдеттегідей 6 ойыншы емес, 3 спортшы өнер көрсетеді. Қарсылас ұжымдар бір шеңберге доп салып, үздікті анықтайды. Сонау өткен ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ елінде пайда болған Стритбол, қазіргі күні әлемге кеңінен тараған. Тіпті, Олимпиада ойындарының тізіміне енді. Оған жетісулық жастар үлкен қызығушылық танытып отыр.

ЕВГЕНИЙ ПРОКОПЧИК, БАСКЕТБОЛДАН АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Стритболдан біздік команда Қазақстан чемпионы және жүлдегері болды. Мектеп оқушылары арасында да бұл спорт өте жақсы дамыған. Біз Қазақстан бойынша үнемі алғашқы үштіктен түсіп көрген жоқпыз. Жетісулық спортшылар Азия чемпионатына да қатысты. Құрлықтық жарыста да қоржынымыз бос қайтпады. Сол халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 2-ші орын алған».

Алматы облыстық құрама командасының үздік ойыншыларының бірі Аружан Құдабаева. 6 жылдан бері баскетболмен тұрақты айналысып келеді. 19 жастағы бойжеткен осы спортпен болашағын байланыстыруды көздейді. Халықаралық турнирлерде жүлдегер болып, Қазақстанның көк туын жоғары көтерсем, дейді.

Аружан Құдабаева

Аружан Құдабаева

АРУЖАН ҚҰДАБАЕВА, БАСКЕТБОЛДАН АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ:

«Біз былтыр чемпион атандық. Ол кезде қарсыластарымыз Түркістандық «Тұран», Ақтаулық «Каспий», Паводарлық «Ертіс» және Шымкенттік «Қазығұрт» командалары болатын. Биыл да алаңда аянбай өнер көрсетіп, былтырғы жетістігімізді қайталаймыз деген үміттеміз. Қазір техниалық дайындығымызды нығайтудамыз. Шабуылдағы әрекетпен, қорғаныста қалай сауатты қимылдау керектігін үйренудеміз. Мен баскетболға жастаймнан әуестендім. Ел құрамасының ойынын телеарнадан көріп немесе ғаламтор желісінен бақылап, жанкүйерлік танытатынмын. Кейін келе өзімде баскетболшы болдым. Бұл ұжымдық ойын. Отбасың, достарыңнан бөлек, өзіңе жақын адамдарды табасың. Алдыма қойған мақсатым- өз командама чемпион болуға көмектесу. Спорттық мәнсәбімді аяқтағансоң баскетболдан жаттықтырушы болғым келеді. Еліміздің әйелдер құрамасын баптау жоспарымда бар».

Болашағынан үміт күттіретін спортшылардың бірі Ділназ Нұрланова. Ол сәттілік жолдас болып, дайындық өз деңгейінде жүре берсе, баскетболмен стритболдан биылда чемпион болатындарына күмән келтірмейді.

ДІЛНӘЗ НҰРЛАНОВА, БАСКЕТБОЛДАН АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ:

«Қазір баскетбол мен стритбол ойындары бойынша жаттығуларды өткізіп жатырмыз. Мен қандай жағдай болса да дайындықты жібермеуге тырысам. Біз чемпион болғандықтан қарсылас командаларымыздың барлығы бізді ұту үшін әлсіз тұстарымызда іздейді. Сондықтан әр кездесуге білек сыбана, жігерленіп шықпақпыз. Бәсекелестерімізге ешқандай мүмкіндік бермейміз деп ойлаймын».

Алматы облысының құрама командасы аптасына 5 рет «Өркен» спорт кешенінде дайындық өткізеді. Олар ойын алаңында баскетболдың түрлі әдіс тәсілдерін сауатты орындауға тырысады. Баскетбол командалық ойын болғандықтан түсіністік қарым-қатынас аса маңызды,- дейді олар. Елдегі эпидахуат тұрақтанып, жоспарланған жарыстар өтіп жатса, барын салатындығын айтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер