Басқа

Семсерлесуден ресми турнирлер келесі жылдың қаңтар айында басталады

Семсерлесуден ресми турнирлер келесі жылдың қаңтар айында басталады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) алдағы маусымға арналған жаңа күнтізбені бекітті. Жаңа кестеге сәйкес, семсерлесуден ресми жарыстар 2021 жылдың қаңтарында басталады.

Команда бас бапкері Алексей Писцовтың пікірінше, қазақстандық спортшылар халықаралық турнирлерге қатысуға дайын.

- Биыл індетке байланысты спортшылар біраз жарысқа қатыса алмады. Дегенмен, бұл біздің еңсемізді түсірген жоқ. Спортшылар карантинге қарамастан жаттығуды тоқтатпай, бар күшін дайындыққа салды.

Халықаралық федерация биыл жыл соңына дейін ешқандай турнир өтпейтінін, әлемдік турнирлер келесі жылдың қаңтарында басталатынын мәлімдеді. Бүгінде алдағы маусымға алаңсыз дайындалудамыз.

Ресми кестеге сәйкес, келесі жылы ерлер мен әйелдер арасында шпага және саблядан 4 әлем кубогі кезеңі өткізіледі. Біздің команда жаңа жылдан кейін бірден екі турнирге қатысуды жоспарлап отыр.

Ал Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирі Буэнос-Айресте ұйымдастырылады. Сондай-ақ, сәуірде Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу бәсекелері өтеді. Әзірге, доданың қайда өтетіні белгісіз, - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер