Велоспорт

Astana Pro Team «Джиро д’Италия» жарысына қатысатын құрамына өзгеріс енгізді

Astana Pro Team «Джиро д’Италия» жарысына қатысатын құрамына өзгеріс енгізді
news-banner7
mobile-news-top

Astana Pro Team велокомандасы «Джиро д’Италия» жарысына қатысатын Юрий Натаров пен Вадим Пронскийді алмастырады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Себебі екі шабандоз да командаластары Жандос Бижігітовпен жақын қарым-қатынаста болған. Жандос COVID-19-ға тест тапсырып, сынама оң нәтиже көрсетті және одан аталған вирустың симптомдары байқалған. Юрий Натаров пен Вадим Пронскийді италиялық Гранд турда Йонас Грегаард Вилсли мен Родриго Контрерас алмастырады. Тас жолдағы велоспорттан өтіп жатқан Әлем чемпионатының алдында Алексей Луценко да COVID-19-ға тест тапсырып, сынама оң нәтиже көрсетті. Дегенмен Қазақстан чемпионында аурудың ешқандай белгілері жоқ. Қазіргі таңда Луцкенко екінші рет тапсырған тестің нәтижесін күтуіп отыр.

"Юрий Натаров пен Вадим Пронскийді алмастырғанымыз өте өкінішті. Себебі олар осы жолы алғаш рет «Джиро д’Италияға» қатысуы тиіс болатын. Бірақ жарыстың хаттамасы қатаң. Тіпті жігіттер де ешқандай белгілер болмаса да, командалас әріптестеріне вирус жұқтыруы мүмкін еді. Өйткені олар Жандос Бижігітовпен қарым-қатынаста болды. Бижігітовтің тез арада сауығып кететініне күмәніміз жоқ. Себебі ол келесі жарыстарға қатысуы керек. Шабандоздарымызды алмастыруға тура келді, өте өкінішті", – деді команданың бас менеджері Александр Винокуров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер