Әлем футболы

Transfermarkt: Мбаппе - өткен маусымның үздік ойышысы

Transfermarkt: Мбаппе - өткен маусымның үздік ойышысы
news-banner7
mobile-news-top

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе Transfermarkt нұсқасы бойынша 2019/20 маусымындағы Франция чемпионатының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prospors.kz.

Дауыс беруге 650 мыңға жуық оқырман қатысқан.

Өткен маусымда Мбаппе команда сапында 37 кездесу өткізіп, 30 гол соққан және 19 нәтижелі пас берген. ПСЖ-мен бірге футболшы чемпиондықты, Ел кубогын, Франция Суперкубогын, Лига Кубогын жеңіп алып, Чемпиондар Лигасының финалына дейін жетті. Париждіктер тек Мюнхеннің «Бавариясына» есе жіберді (0:1).

Мбаппеге сауалнамаға қатысушылардың 44,15 пайызы дауыс берді.

Екінші орында Килианның командаласы Неймар, үшінші орында «Монако» шабуылшысы Виссам Бен Йедер тұрды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер