Владислав Васильев алғаш рет ұлттық құрамаға шақырылды

Владислав Васильев алғаш рет ұлттық құрамаға шақырылды
news-banner7
mobile-news-top

«Рухтың» жартылай қорғаушысы Владислав Васильев Қазақстан құрамасына шақырылды. Ол Ұлттар лигасының матчтарына қатысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz Rukh.by сайтына сілтеме жасап.

«11 қазан күні сағат 16:00-де Алматының Орталық стадионында Қазақстан құрамасы Албанияны қабылдайды, ал 14 қазан күні сағат 21:45-те Минскдегі «Динамо» стадионында Беларусь құрамасына қарсы ойнайды.

Владислав бірнеше рет өз елінің ұлттық құрамасының кеңейтілген тізіміне кірген, бірақ ол негізгі тізімге бірінші рет ілініп отыр.

Осылайша, жартылай қорғаушының «Рух» тарихында өз елінің негізгі командасында ойнаған алғашқы ойыншы атануға мүмкіндігі бар! Сізге сәттілік тілейміз!», - делінген клуб хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер