«Жетісу» клубының екі ойыншысы ұлттық құрамаға шақырылды

«Жетісу» клубының екі ойыншысы ұлттық құрамаға шақырылды
news-banner7
mobile-news-top

«Жетісу» командасының екі футболшысы Қазақстан ұлттық құрамасы сапына кірді. Олар енді Албания мен Беларуське қарсы Ұлттар Лигасы матчына дайындалады.

Команда қорғаушы Олжас Керімжанов пен шабуылшы Айбар Жақсылықов сенімді ойындарымен ұлттық құраманың бас бапкері Михал Билектің көзіне түскен.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі кезекті ойындарын 11 қазанда Албаниямен, 14 қазанда түзде Беларуське қарсы ойнайды. Сондай-ақ жетісулық тағы бір футболшы Никита Наумов та құрамаға шақырту алуы мүмкін.

Сонымен қатар, «Жетісудың» екі ойыншысы - Еркебұлан Сейдахмет пен Рауан Орынбасар жастар арасындағы (U21) ЕURO-2021 іріктеу ойындары аясында Монтенегромен (8 қазан) және Испаниямен (13 қазан) болатын ойындарға қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер