«Оқжетпестің» спорт директоры Карповичтің қызметі жайлы айтты

«Оқжетпестің» спорт директоры Карповичтің қызметі жайлы айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Оқжетпес» клубының спорт директоры Ержан Жамбыров Prosports.kz сайтына берген сұқбатында бас бапкері Андрей Карповичке сенім артатынын айтты.

– Команданың сәтсіз сериясынан соң жаңа маман қарастыру ойда болды ма?

– Жоқ, біз бас бапкерімізге толық сенім артамыз. Естеріңізде болса, өткен жылы біз сәтсіз өнер көрсеткен сәттеріміз болды. Дегенмен уақыт өте команданың ойыны жүріп, нәтиже жақсарды. Соңында клуб тарихындағы ең жоғарғы орынға көтерілдік.

– БАҚ Андрей Карповичке ел чемпионы «Астана» тарапынан қызығушылық бар екенін жазды. Бұл рас па?

– «Астана» секілді команданың назарына тек мықты мамандар ілінетіні анық. Андрей Карповичтің командада қалатынына сенімді болдық, өйткені оның келісімшарты бар.

Сұқбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер