Басқа

Дидар Әмірәлі: Жарыс пен жаттығу жиынының жоқтығы қатты әсер етті

news-banner7
mobile-news-top

1 қазан күні каратэден Қазақстан командасы оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Жасталап Санауов шәкірттері шілде айында жарияланған карантин жеңілдетілгелі бері алғаш рет бас қоспақ. Осы орайда, команда мүшесі Дидар Әмірәлі Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берді.

– Карантинге байланысты бірнеше ай бойы жаттығу да, жарыс та өткен жоқ. Екі апта сайын әлемнің әр түкпірінде татамиге шығатын біз үшін бұл шынында үлкен соққы болды.

Дегенмен, жалғыз біздің ғана емес, барша әлемнің басындағы жағдай болған соң, көнбеске амал жоқ. Үзіліс кезінде жаттығуды тоқтатпадым. Үйде дайындалдым. Бапкерлер де онлайн түрде бағыт-бағдар беріп отырды. Бірақ мұның бәрі оқу-жаттығу жиындарында алған білімге жетпейді. Қанша жерден жаттықсам да, дәл қазір бабымның нашар екені рас.

Індетке байланысты әлемдегі ахуал дұрысталса, жарыстар тізбегі жалғасады деп ойлаймын. Мен олимпиадалық салмақта сынға түскен соң, Токио ойындарына жолдам алсам деген ниетім бар. Әзірге, әлемдік рейтингте алтыншы орында келе жатырмын, - дейді Дидар.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер