Бокс

Жетісулық боксшылар ел біріншілігінен 5 жүлде алуды көздейді

Жетісулық боксшылар ел біріншілігінен 5 жүлде алуды көздейді
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Алматы облысының ерлер құрама командасы Қазақстан чемпионатында 5 медаль алуды көздейді. Ел біріншілігі қараша айында Өскемен қаласында жалауын желбіретеді деп жоспарланған, деп жазады Prosports.kz тілшісі.

Қазақстан чемпионы атанудан бірден бір үміткер боксшы Мирас Ертанов. Оның жасы биыл 23-те. Бокспен айналысқанына 12 жыл. 8 мәрте Алматы облысының чемпионы, екі рет Қазақстан біріншілігінде күміс жүлде иесі болды.

Мирас Ертанов

Мирас Ертанов

МИРАС ЕРТАНОВ, БОКСТАН СПОРТ ШЕБЕРІ:

«Боксты жастаймнан жақсы көремін. Өзім Алматы облысы, Қаратал ауданының Көкпекті ауылында туып өстім. Аудан орталығы Үштөбе қаласында орта мектепті бітірдім. Мектеп қабырғасында оқып жүргенімде бокс үйірмесінде шеберлігімді шыңдадым. Алмас Жыңғылбаев пен Сұлтан Ибраевтың қол асытында жаттықтым. Жасөспірімдер тобынан ерлер құрамасына ауысқанымда осы Тоқтарбек Сәсетов бапкерден білмегенімді үйреніп, тәжірибемді жетілдіріп жатырмын.Елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушыға рахмет. Тоқтарбек аға бізге туған баласындай қарап, үнемі дайындығымызды бақылап отырады».

Мирас Ертанов қазір еліміздің проумотерлік компаниясының бірі ұйымдастырған «MTK Global Golden Contract» жобасына қатысып жатыр. Алдын-ала кездесулерін жеңген Мирас жартылай финалға шыққан. Жуырда финалға берілер жолдаманы Алматылық боксшы Дарын Исаханмен сарапқа салады. Айта кетейік, турнир жеңімпазы мен жүлдегерлері қаржылай сыйақы алып, «MTK Kazakhstan»компаниясымен келісім-шартқа отырады. Бұл орталық кейін боксшыларға танымал ұйымдардың чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасуға көмектеседі. Мирас Ертанов биыл Қазақстан біріншілігінде де топ жаруды көздеп отыр. Нағыз бабында.

МИРАС ЕРТАНОВ, БОКСТАН СПОРТ ШЕБЕРІ:

«Жыл басында Қарағанды қаласында өткен халықаралық турнирге қатысып, жүлдегер атандым. Одан соң Коронаіндетке байланысты турнирлер кейінге шегеріліп, өзіміз оқшауланып қалдық. Қазір індет сейіліп, санитарлық талаптар жұмсарып, жекелеген жарыстар өте бастады. Осыған байланысты «MTK Global Golden Contract» турниріне қатысып жатырмын. Мен бұл жарысқа 69,9 кг. салмағында өнер көрсетем.Алғашқы қарсыласым Ақтөбелік Әділет Дәмешов деген жігіт болды. Оны жеңіп келесі кезеңге өттім. Жартылай финалдық жекпе-жек 1 айдан соң болады.Ал, Қазақстан чемпионатында өзімнің үйреншікті 63 кг. салмағында рингке шығамын. Қазақстандағы қарсыластарымның барлығын танимын. Ел чемпионы атанып, ұлттық құрама сапына кірсем деген ниеттемін. Болашақта кәсіпқой боксшы атану да жоспарымда бар».

Бокстан Алматы облысының құрама командасы жуырда теңіз деңгейінен 1200 метр жоғарыда орналасқан Текелі қаласында болып, кеңейтілген оқу-жаттығу жиынын өткізіп қайтты. Қазір бірнеше шағын топқа бөлініп,Талдықорғандағы «Өркен» спорт кешенінде күніне екі уақыт дайындық жүргізеді. Арнайы спорттық жабдықтарды пайдалана отырып, шеберлігін шыңдап жатыр. Өңір құрамасына енген атлеттердің барлығы спорт шебері. Түрлі деңгейде өткен жарыстарда жүлдегер атанған боксшылар. Осыданда болар бас бапкер шәкірттеріне үлкен үміт артады.

Тоқтарбек Сәметов

Тоқтарбек Сәметов

ТОҚТАРБЕК СӘМЕТОВ, БОКСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЕРЛЕР ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Мирас Ертанов пен Қазақстан Республикасы спартакиадасында күміс жүлдеге ие болған Нұржан Мақашбаевтар кәсіпқой рингте жақында 1 жекпе-жек өткізді. Өздерін жақсы қырынан көрсете білді. Алматы облысы құрамасында бұлардан басқа 81кг. салмақта Әкімбай Еркебұлан, 49 кг. салмағында Несіпжан Жандос, 69кг. салмағында былтыр жастар арасында Азия чемпионы болған Дархан Дүйсебай бар. Үмітсіз шәйтан дейді. Еңбек етіп жатыр балалар. Өскеменде жоспарланған жарыс болып жатса, шәкірттерім жанын сала жұдырықтасады деп сенім артамыз».

Алматы облысы құрама командасы ел біріншілігіне дейін Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр. Мұндағы жерлестеріміздің басты мақсаты - Қазақстан чемпионатында топ жару.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер