Басқа

«Токио-2020» Олимпиада алауы эстафетасының бағыты жарияланды

«Токио-2020» Олимпиада алауы эстафетасының бағыты жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Олимпиада алауының эстафетасы 2021 жылдың 25 наурызында басталады. Фукусима префектурасынан басталып, 121 күн бойы Жапонияның 47 префектурасын аралайтын алау бағыты өзгерген жоқ.

2021 жылы шығыс Жапониядағы жер сілкінісіне он жыл болады. Табиғи апаттан зардап шеккен аймақтар бүгінде қалпына келіп үлгерген. Ұйымдастырушылар жер сілкінісінен мейілінше көп зақымданған аймақтардың қазіргі келбетін көпшілікке көрсетуге мүдделі.

9 шілде күні алау Токиодағы Олимпиадалық стадионға әкелініп, 23 шілде күні ойынның ашылу салтанатында тұтанады.

Коронавирустан қорғану талаптары туралы ұйымдастырушылар кейінірек хабарлайды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер