ММА

Гейджи: UFC 254-те Хабибтің қанын төгемін

Гейджи: UFC 254-те Хабибтің қанын төгемін
news-banner7
mobile-news-top

UFC-дің уақытша чемпионы (70 келі) Джастин Гейджи танымал ESPN журналисі Бретт Окамотоға берген сұхбатында мансабындағы маңызды жекпе-жекке дайындық туралы, сондай-ақ чемпионды қалай жеңуді жоспарлап отырғандығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

25 қазанда таңертең 31 жастағы Гейджи (22-2) UFC 254 басты додасында өнер көрсетеді. Абу-Дабидегі кеште америкалық сарбаз Хабиб Нурмагомедовпен (28-0) кездеседі. Джастин чемпион деген уақытша атақты осы мамырда UFC 249-да Тони Фергюсонды нокаутқа жіберген кезде жеңіп алды. Ресейлік файтер соңғы рет былтыр қыркүйекте Абу-Дабиде үшінші раундта Дастин Порьені қылқындыру әдісімен жеңді.

«Хабибпен төбелесемін деп ойлаудың өзі маған жігер береді. Мен бұл жекпе-жекті мансабымның соңғы бөлігі деп санамаймын. Белбеуді алған кезде оны қорғау маңызды болады. Мансабымдағы соңғы қадам емес, бірақ мен оған жақынмын.

Аптасына алты күн жаттығамын, жаттығуға күніне 2-3 сағат кетеді. Хабиб өте мықты. Бірақ мені жеңу үшін ол ашық жекпе-жек өткізуі керек. Ал бұл маған өте ыңғайлы. Шеберлігіме сенемін. Октогонда Хабибтің қанын төгемін - деді Джастин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер