Головкин-Мюррей жекпе-жегінің жеңімпазы WBC белбеуіне таласады
![Головкин-Мюррей жекпе-жегінің жеңімпазы WBC белбеуіне таласады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1418974211_723338597.jpg?v=28651796)
Геннадий Головкин – Мартин Мюррей жекпе-жегінің жеңімпазы орта салмақтағы WBC белбеуіне таласады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Бұл туралы allboxing.ru. порталы жазады. Қазақстандық боксшы мен британдық былғары қолғап шебердің кездесуі 21-ші ақпан күні Монте-Карлода өтеді.
Қазіргі таңда, WBC белбеуі пуэрторикандық боксшы Мигель Коттода. Оның келесі кездесуі 2-ші мамыр күні Сауль Альвареске қарсы өтуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин қос боксшыменде жұдырықтасуға дайын екенін айтқан болатын.