Теннис

Жетісу өңірінде үстел теннисі дамып келеді

Жетісу өңірінде үстел теннисі дамып келеді
news-banner7
mobile-news-top

Үстел теннисінен Алматы облысының жасөспірімдер құрамасы дайындығын бастады. Теннисшілер ел біріншілігінде жүлдегер атануды көздеп отыр. Қазақстан чемпионаты келер жылдың басында өтуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz тілшісі.

Алматы облысында үстел теннисі қауымдастығы 2016 жылы құрылды. Қазір 300-ге жуық адам тұрақты түрде айналысады. Олардың дені Талдықорған қаласының тұрғындары.Осы уақыт ішінде 4 спорт шеберіне үміткер дайындалып шықты. Солардың бірі Диас Бекен. Ол ел біріншілігінде чемпион атанып, халықаралық жарыста ел намысын лайықты қорғасам, дейді.

Диас Бекен

Диас Бекен

ДИАС БЕКЕН, ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР:

«Мен 15 жастамын. Үстел теннисімен айналысқаныма биыл 5 жыл болады. Осы 5 жыл ішінде түрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындардан көріндім. Алға қойған мақсатым - әлем чемпионы болу. Дайындығым жақсы. Алдымызда 2005 жылы туған спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты болады. Соған қатыссам деймін. Бұл спорт адам денсаулығына пайдалы. Көзге, аяқ-қолдың қимылын жақсартады. Сонымен қатар, өкпені ашады. Тыныс алуың жақсарады. Сондықтан мен осы спорт түрін таңдадым».

Талдықорғандық теннисшілерді ойын түрлері бойынша мамандандырылған Алматы облыстық балалармен жасөспірімдер спорт мектебі өз қарамағына алған. Орталық басшыларының айтуынша жастардың дайындығына барлық жағдай жасалып отыр. 2-3 жылдан соң жерлестеріміз командалық есепте чемпиондыққа таласатын болады, дейді.

Ермек Сүйеніш

Ермек Сүйеніш

ЕРМЕК СҮЙЕНІШ, СПОРТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША МБЖСМ ДИРЕКТОРЫ:

«Біздің спорт мектебінде биыл қыркүйек айынан бастап, үстел теннисі бөлімі жаңадан ашылды. Осы спорт түрі бойынша екі жаттықтырушы қабылдап алдық. Олар 50-ге жуық спортшыны дайындап жатыр. Бұл қатарда бірнеше спорт шеберіне үміткерлермен 1-ші санаттағы спортшалар бар. Бірақ, Қазақстан Республикасының чемпиондары жоқ екен. Десе де, Қазақстандағы ірі көлемде ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы турнирлерді ұтқан және жүлдегерлері атанғандар жетерлік. Үстел теннисімен айналысатын балаларды «Жастар»спорт сарайындағы екі залда 2 жаттықтырушымыз дайындап жатыр. Жыл аяғында Алматы облысындағы үстел теннисшілерінің басын қосып, өңірлік чемпионат өткізу жоспарымызда бар. Сол біріншілікте балалардың шама-шарқын байқаймыз. Алматы облысында үстел теннисі жас спорт түріне жатады. Жас болса да бұл спортта жетістіктеріміз бар. Бұл нәтижемен тоқтап қалмай, ары қарай дамытып, үлкен жетістікке жетеміз денен ойдамыз. Алдымен Қазақстан чемпионатында балаларымыз топ жаруы тиіс. Сонда шәкірттеріміз еліміздің құрама командасына алынады. Одан соң халықаралық жарыстарға қатысу құқына ие болады. Сондықтан біз балалардың алаңсыз дайындығына барлық мүмкіндікті жасауымыз керек. Сонда ғана нәтижеміз артады».

Қазіргі күні Талдықорғанда үстел теннисінен ерлердің «Жетісу» клубы бар. Бұл ұжым жылда Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді. Былтар олар ел чемпионы атанды. Мына жасөспірімдер болашақта сол клубның қатарында ойнайды, дейді бапкерлер.

Нұрлан Дүйсенбінов

Нұрлан Дүйсенбінов

НҰРЛАН ДҮЙСЕНБІНОВ, ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«2017 жылы біз Алматы облысында үстел теннисінен «Жетісу» клубын құрдық. Ол алдымен Қазақстанның жоғары лигасына қатысты. Онда жақсы нәтижеге қол жеткізіп, 2018 жылы еліміздің супер лигасына шықтық. Сол жылы біз екінші орын алдық. Былтыр тамаша дайындық деңгейін көрсетіп бірінші орын алдық. Біз Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына рахмет айтамыз. Бізді үнемі қолдап отырады. «Жетісу» клубында Денис Жылудов, Тимур Килубанов, Александр Деросеменко ойнады. Олармен қатар спорт мектебінің оқушылары 2005 жылы туылған 3 бала өнер көрсетті. Олар, Диас Бекен, Мейіржан Талсубаев,Әлихан Сәкеш. Үздіктермен үзеңгілесе ойнап, тәжірибесін жетілдіріп жатыр. Биыл Короноіндетке байланысты жарыстарымыз келер жылға шегерілді. 2001 жылы Қазақстан чемпионы атануға тырысамын».

- Қазір Алматы облысындағы үстел теннисі қандай деңгейде? Жасөспірімдер арасында бұл спортқа деген қызығушылық артып келе ме?

-Әрине, үстел теннисімен айналысамын деген жастар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Спортзалға келіп, жаттығудан қалмайды. Әсіресе, Талдықорғандық тұрғындар арасында бұл жиі байқалады. Олар Алматы облысы біріншіліктерінде алдарына жан салмайды. Республикалық додаларда да жүлдегер атанып жүр. Әзірге Жетісу өңірі Қазақстан бойынша ортаңқол команда деуге болады. Бізге аздаған уақыт керек. Талантты балалар бар. 2-3 жылдан соң Қазақстан чемпионатында топ жарары сөзсіз. Алматы облысында 300-ге жуық бала үстел теннисімен айналысады. Оларды 12 жаттықтырушы баптайды. 4 жыл ішінде 4 спорт шеберіне үміткерді дайындадық, 2-3 жылдан соң спорт шебері мен Қазақстан чемпионын Алматы облысынан тәрбиелеп шығарамыз.

6 ай бойы Жетісулық споршылар оқшауланып, үйлерінде және далада дайындық жүргізді. Қыркүйек айынан бастап спортзалда жаттыға бастады. Әр аптаның 5 күнінде 3 сағаттан дайындық өткізеді. Жарыс уақытында балалар толық бабына келетін болады, дейді жергілікті жаттықтырушылар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер