Бокс

Жәнібек Әлімханұлы дайындығын пысықтап жатыр

Жәнібек Әлімханұлы дайындығын пысықтап жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) командасы алдағы жекпе-жекке дайындық жайлы айтып берді.

– Бұйыртса осы апта 8 раунд спарринг қалды. Жұма жасаймыз. Салмақты реттеуді бастадық. Құдай қаласа келер апта жекпе-жек. Өкініштісі сол қарсылас жарақат алып жекпе-жектен бас тартты. Оны жақсы білесіздер.

Қазір Топ ренк 9 қазанға басқа қарсылас іздеп жатыр. Бұрынғысының рекорды жақсы еді. Енді 2 апта қалғанда одан мықты қарсылас табыла ма жоқ па білмейміз. Бірақ мықтысын іздеңдер дедік. Дегенмен кіммен болса да қазір бізге жұдырықтасу керек. Вирус себебінен біраз уақытты жоғалтып алдық.

Барлығы жақсы болса 7 қазан Лас Вегасқа ұшамыз. Елімізде қай телеарна көрсететінін әзірге білмейміз. Өздері жарнамалай жатар. Бірақ Америкада Қазақ стилін ESPN тікелей эфирде көрсетеді. Айтпақшы жоспар бойынша екі титулды қорғаймыз. Тағы бір құрлықтық титул сарапқа салынуы мүмкін. Жақындағанда нақты жазамыз. Жеңісті күнде жүздесейік, - деп жазды боксшының командасы Instagram-парақшасында.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер