Велоспорт

Асан Базаев: Әлем чемпионатындағы бар үмітіміз Луценкода еді

Асан Базаев: Әлем чемпионатындағы бар үмітіміз Луценкода еді
news-banner7
mobile-news-top

Италияның Имола қаласында тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық команда Алексей Луценконың ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен соң, шұғыл түрде турнир алдындағы тактикалық жоспарын өзгерткен болатын. Команда көшбасшысы әрі капитаны жарысқа қатыса алған жоқ. Дегенмен, бұл жарыс жолы Луценконың жүлдеге ілігуіне қолайлы еді. Оның үстіне, Алексейдің бабы да келісіп тұрды. Ұлттық құраманың бас бапкері Асан Базаев Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, әлем біріншілігін қорытындылады.

«Алексей Луценконың COVID-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже беріп, чемпионатқа қатыса алмады. Бұл додада біз Алексейге басымдық беріп, сенім артқанымызды бәрі біледі. Барлық команда мүшелері Луценконың жеңісі үшін жұмыс істеуге дайын еді. Қазір Алексейдің жағдайы жаман емес. Өзін жақсы сезінуде. Ал жігіттерге келетін болсақ, олардың дайындығы аз болды. Әсіресе, жарыс тәжірибесінің жоқтығы көзге ұрып тұрды.

Барлық турнир бірінен кейін бірі өтіп, спортшылардың толық ашылатын мүмкіндігі болмады. Әлем чемпионатына тек үздіктер қатысады, сол себепті, Имолада нағыз шайқас өтті. Мұндағы жарыс жолы Луценкоға өте ыңғайлы еді. Одан бөлек, командада топ жарып шығатын ешкім болмады. Оның орнын басатындар қатарынан Пронский мен Натаровты айтуға болады . Натаров «Алматы турында» жеңіске жетті. Алайда, ересектер арасындағы алғашқы маусымда оған қиындау соғатыны сөзсіз. Сондықтан, бар үміт Луценкоға артылды», - дейді Базаев.

Айта кетелік, топтық жарыста Вадим Пронский 49-ы, Юрий Натаров 74-і орын алды. Жекелей жарысты Дмитрий Груздев 32-і сатыдан көрінді. Даниил Фоминых 43-і орында.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер